Жолдау-2024: Сауда көлемі 8,6%-ға өсті, өнеркәсіпте 1,5 млн адам жұмыспен қамтылды.
25.08.2025 15:53:30 5782
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын және Мемлекет басшысының басқа да тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет сауданы дамыту және еліміздің экспорттық әлеуетін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.
Үкімет отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бизнесті жүргізудің ашық ережелері қалыптасып, ішкі сауда дамып, қазақстандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуы үшін инфрақұрылым жасалуда.
2025 жылдың қаңтар-шілде айларында сауда көлемі 8,6%-ға, ал салаға салынған инвестиция бірінші жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті.
«800 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі саудамен айналысып, 1,5 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр»,
— деп атап өтті Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.