Өңірлік Азаматтық Форум «Өңір дауысы: Қоғамдық кеңестер – өзгерістердің қозғаушы күші»

Өңірлік Азаматтық Форум «Өңір дауысы: Қоғамдық кеңестер – өзгерістердің қозғаушы күші»

27.08.2025 16:13:46 190

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Алтай ауданы мәслихатының төрайымы Л.А. Гречушникова Өскемен қаласында өткен «Өңір дауысы: Қоғамдық кеңестер – өзгерістердің қозғаушы күші» атты Өңірлік Азаматтық Форум аясындағы «Қатысу қырлары: Кеңестен нәтижеге дейін» сессиясында спикер ретінде сөз сөйледі. Сессияның негізгі мақсаты – ШҚО-дағы Қоғамдық кеңестердің табысты тәжірибелерін көрсету, олардың өңірлік мәселелерді шешудегі нақты ықпалын және тиімді тәсілдерді ауқымдаудың мүмкіндіктерін таныстыру болды.

Ол мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, білім беру және денсаулық сақтау салаларынан 15 өкілді біріктіретін Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Қоғамдық кеңес – бұл жай ғана пікірталас емес, нақты өзгерістер құралы. Ең бастысы – кеңес отырыстарында көтерілген әрбір мәселе аудан тұрғындары үшін нақты нәтижелерге алып келуі тиіс.

Мұндай форумдар тәжірибе алмасу мен алға жылжуға көмектесетін шешімдерді іздейтін алаңға айналуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1057753?lang=kk