Салтанатты іс-шара
02.09.2025 08:50:48 197
2025 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай облыс әкімі қатысқан салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Әділет департаментінің қызметкерлері көпжылдық адал еңбегі мен әділет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Еңбек ардагерлеріне айрықша назар аударылды, соның ішінде 40 жылдан астам үздіксіз еңбек өтілімі бар қызметкер және еңбек кітапшасында жалғыз жазбасы болғаны үшін атап өтілді. Жалпы департаменттің 5 қызметкері марапатқа ие болды.
Сондай-ақ, әділет органдарының ардагері Жалыбин Сергей Михайлович мазмұнды баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісіп, Конституцияның құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1059965?lang=kk