Салтанатты рәсім

Салтанатты рәсім

03.09.2025 17:10:33 1601

2025 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай Қостанай облысы әкімдігінде «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медальдарын табыстау салтанатты рәсімі өтті. Мемлекеттік наградаларды Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов табыстады.
Жоғары марапат иелерінің қатарында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Аманжулова Алия Алатаевна да бар.
Сондай-ақ марапатталғандар арасында мемлекеттік қызмет ардагерлері мен шаруа қожалықтарының өкілдері болды.
Өңір әкімі Конституция тәуелсіз әрі қуатты Қазақстанның негізі екенін атап өтті. Ал мерекелік медальдарды табыстау - қоғамды дамытуға және мемлекеттік құрылысты нығайтуға елеулі үлес қосқан өңір тұрғындарының еңбегін мойындау болып табылады.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1061399?lang=kk