Облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» жолы мерзімінен бұрын жөнделеді
11.09.2025 17:00:40 149
Алматы облысында облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» автожолының жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуда. Жұмысшылар қар түспей тұрып үлгеруге тырысуда.
Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталып, жоспар бойынша 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс еді. Мердігер компанияның мәліметінше, жолшылар жұмысты белгіленген мерзімнен ерте бітіреді.
L-VESA құрылыс компаниясы директорының орынбасары Алексей Фоминнің айтуынша, бүгінде жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталған:
«Біз «Нарынқол – Сүмбе» жолына орташа жөндеу жүргізіп жатырмыз. Жөндеуден өтетін учаскенің жалпы ұзындығы – 38 шақырым. Қазіргі уақытта 11 шақырымы ғана қалды. Жаңа жабынның қалыңдығы – 6 сантиметр. Жұмысты осы айда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Нысанда 18 жұмысшы және грейдер, самосвалдар мен ескі асфальтты қырып, жаңасын төсеуге арналған 8 арнайы техника жұмылдырылған».
Жобаның жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстарының сапасы мен барысына «КазАрт-Құрылысы» ЖШС техникалық қадағалау жүргізуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1066154?lang=kk