Қазақстан мен Таиланд медицина, білім беру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Таиланд медицина, білім беру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

12.09.2025 17:10:49 89

Бангкок, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Бүгін Таиландтағы Қазақстан Республикасының Елшісі Марғұлан Баймұхан Samitivej және BNH ауруханалар тобының басқарма төрағасының орынбасары, доктор Сурангкана Течапайтунмен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар медициналық білім беру және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Асфендияров атындағы медицина университеті мен тиісті мекемелерге бару үшін тай делегациясының Алматыға жоспарланған сапары, сондай-ақ мамандарды бірлесіп даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу, әсіресе педиатрия саласында, қарастырылды.

Елші әңгімелесушілерді Қазақстан Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауындағы негізгі тұстарымен қысқаша таныстырып, денсаулық сақтау мен білім беру саласына цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Академиялық байланыстарды нығайту, инновациялық әріптестік және медициналық туризмді дамыту қажеттілігі айтылды. Бұл бағытқа ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап Thai AirAsia әуе компаниясының тұрақты рейстерінің ашылуы да септігін тигізбек.

Тараптар медицина, білім және туризм салаларын дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Таиланд арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара қызығушылықтарын растады.

Анықтама үшін: Samitivej және BNH ауруханалар тобы Bangkok Dusit Medical Services (BDMS) медициналық холдингінің құрамына кіреді. Холдинг Азиядағы 50-ден астам клиниканы біріктіріп, медициналық қызмет көрсету, медициналық туризм және кадр даярлау саласында жетекші орынға ие.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1066938?lang=kk