ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ
12.09.2025 17:15:16 79
Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығына орай, Шымкент қ., «Қоғамдық келісім» жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және этнология» ҒО басшысы, докторант, «QAZAQTANÝ» журналдың жауапты редакторы Шолпан Торгаутованың ұйымдастыруымен 12 қыркүйек күні дәстүрге айналған оффлайн және онлайн жүйеде өтетін «Гуманитарлық саладағы жаңа ғылыми-әдістемелік жобалар: білім саласына ықпалы» атты ғылыми тағылымдамасы аясында «Ғылым мен білім саласын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар - мемлекеттің идеологиясында ұлттық ой-сананы қалыптастыру» тақырыбында шетел ғалымдармен ғылыми семинар өткізілді. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына жолдауында аталған міндеттерін іске асырулының бір көрінісі ұлттық құндылықтарды әлемдік қауымға насихаттау мен дәріптеуде ғалым-педагогтардың ойы мен еңбегіне ерекше тоқталды. Биылғы 2025 жылы семинарда Шоқан Уалихановтың 190 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Қарамола ережесіне 140 жыл мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы толуына аса назар аударылды.
Семинар барысында Өзбекстан Республикасының Джизақ политехникалық университетінің тарих, философия мен дін бағытында «Әлеуметтік ғылымдыр» кафедрасының профессорларын осы бағытта жасалған жұмыстың бірінде М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және этнология» ҒО басшысы, докторант, «QAZAQTANÝ» журналдың жауапты редакторы, Шымкент қ., «Қоғамдық келісім» жанында құрылған «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі Шолпан Торгаутова 2025 жылы «Почетный казах - Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы: «Положение Қарамола» 1885 год (перевод и научный анализ)» монографиясында ұлттық идеологиясында тарихи сананың қалыптастыру туралы, 74 баптың жекелеген бағытында әлеуметтік-саяси және этносаралық татулықты нығайту жөнінде тарихи деректердің жаңа мәліметтерімен таныстырып, М.Әуезов атындағы ОҚУ «QAZAQTANÝ» журналдың гуманитарлық бағытында «Қазіргі Қазақстанның этносаяси және этномәдени үрдістері», «тарих», «этнология», «тұлғатану», «әлеуметтану» рубрикаторында отандық және шетел ғалымдар, магистранттармен докторанттардың жариялауға шақырды.