Кездесу
15.09.2025 16:10:29 144
Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Ж.Сүйіндіков пен Рудный қаласы әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Т.С. Сақтағановтың қатысуымен Қашар кентіне шығу барысында қоғам белсенділері, сарапшылар қоғамдастығымен кездесу өтті.
Қашар кентінің өзекті мәселелерді халықтың сұраныстарына проактивті түрде ден қою және қоғам талап ететін нәтижелерді айқындау үшін жария талқылаулар өтті.
Тұрғындар Ашық және Халық үніне құлақ асатың мемлекет қағидаттары, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы, әдеп стандарттары және сыбайлас жемқорлық нормалары, кері байланыс арналары жұмысы туралы хабардар болды.
Кездесуге қатысушылар бір қатар мәселерді көтерді.
Соның ішінде: аумақтарды абаттандыру, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, педагогикалық, медициналық кадрлардың жетіспеушілігі, инфрақұрылымды дамыту бюджетін өсіру, қанғыбас иттер мәселесі, мамандар үшін тұрғын үй, еңбек ақының ең төменгі көрсеткіші, Рудный қаласында Қашар кенті тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасы.
Қашар кентінің әкімі М.Қ. Раймбековаға аппарат жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1068013?lang=kk