ҚАУІПСІЗ САПАРДЫҢ КЕПІЛІ – БІЛІКТІ МАШИНИСТ

ҚАУІПСІЗ САПАРДЫҢ КЕПІЛІ – БІЛІКТІ МАШИНИСТ

19.09.2025 12:51:12 1202

Теміржол көлігі ел экономикасының күретамыры, ал осы салада адал еңбек етіп жүрген мамандардың үлесі ерекше. Солардың бірі  Даулетбаев Нұржан.

Ол теміржол саласында 16 жыл 11 айдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып бастап, тәжірибе жинақтады. Қазіргі таңда жауапкершілігі жоғары машинист қызметін абыроймен атқарып жүр.

Жылдар бойы жинаған кәсіби білімі мен тәжірибесі Нұржанға локомотив тізгінін сеніп тапсыруға толық мүмкіндік берді. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, әрбір сапардың қауіпсіз әрі сапалы өтуін басты міндет санайды.

Теміржол саласында еңбек етіп жүрген Нұржан сынды мамандардың тынымсыз еңбегінің арқасында жолаушылар тасымалы да, жүк жеткізу қызметі де уақытылы әрі жүйелі атқарылып келеді.

#Теміржол #Машинист #ЕңбекАдамы #ҚызметЖолы #ҚауіпсізСапар #ТеміржолСаласы #ЕңбекЕрлері #Түркістан #Шымкент #ҚазақстанТемірЖолы