ЖАППАЙ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ҚАЖЕТ

ЖАППАЙ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ҚАЖЕТ

09.10.2025 15:45:55 67

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында: "Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет" – деп атап өтті. Бұл бастама Қазақстанның цифрлық дамуын жеделдетіп, әрбір саланы инновациялық шешімдермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында жасанды интеллекттің әлеуетін толық пайдалану елімізді бәсекеге қабілетті, тиімді әрі заманауи экономикасы бар мемлекетке айналдыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және азаматтық сектор жаңа технологияларды енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыруға және өндірістік процестерді жетілдіруге ұмтылуы тиіс.

Қазақстанның дамуы – әрбір қазақстандықтың қолында, және біз тек жаңашылдық пен технологиялық прогресске сүйенген жағдайда ғана жаһандық экономикалық аренда тұрақты орын ала аламыз.

#ЦифрлықҚазақстан #ЖасандыИнтеллект #ЭкономикалықДаму #ҚРПрезиденті #Инновациялар #БәсекегеҚабілеттілік #Жолдау2025 #ТехнологиялықПрогресс #ЗаманауиЭкономика