Астана аумағындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан «Modex Astana» зауыты

Астана аумағындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан «Modex Astana» зауыты

13.10.2025 19:45:13 209

Астана аумағындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан «Modex Astana» зауыты темірбетонды құрастырмалы блок-модульдер шығарады.

Мұнда көпқабатты тұрғын үйлердің әр бөлігі – қабырғасы, төбесі, едені мен балконына дейін құрастырылады.

Бүгінде зауытта 500-ге жуық адам еңбектенеді. Жылына 200 мың шаршы метрге жуық тұрғын үйге қажетті модульдер әзірленіп, 5 жыл ішінде 27 ірі жоба іске асырылды. Италиялық технологиямен жабдықталған заманауи өндірістің құрылыс барысымен таныс болыңыздар.

 

Дереккөз:   https://www.instagram.com/p/DOqkXb2jFxf/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1069994?lang=kk