«Көлік әлемінде: Болашақ сіздің қолыңызда»- кәсіптік бағдар беру бойынша оқушылармен кездесу
14.10.2025 09:25:48 240
2025 жылдың 18 қыркүйегінде «Жұмысшылар жылы» аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Өскемен қаласы бойынша «№50 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-11- сынып оқушыларына арналған «Көлік әлемінде: Болашақ сіздің қолыңызда» атты тақырыбында іс-шара өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: «Еңбек нарығы ұсынған мамандықтарға қатысты оқушыларға кеңес беру, таңдаған мамандықтарды меңгеруге болатын оқу орындары туралы ақпарат беру; оқушыға оның бейімділігіне сәйкес еңбек қызметінің нақты түріне қатысты өз қабілеттері мен қасиеттерін бағалауға көмектесу, кәсіптік бағдар беру»
Іс-шара қонақтары: Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Ластаев Талғат Тлеубекұлы, «ҚТЖ «ҰҚ» АҚ - магистральдық желінің Семей бөлімшесі филиалының директоры Шаукежанов Айдын Максутбекович, «КазАэроНавигация » АҚ Өскемен филиалы әуе қозғалысы қызметінің әуе кемелерінің қозғалысын тікелей басқаруды жүзеге асыратын диспетчер-нұсқаушы Ягудин Қалқаман Азаматұлы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Жол активтері саласының ұлттық орталығы» РМК директорының м.а Мұсапиров Саяхат Оралханұлы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің аға-оқытушысы Абеджанова Арай Сайлаубекқызы.
Алғашқы сөз: Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Ластаев Талғат Тлеубекұлына берілді. Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Ластаев Талғат Тлеубекұлы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар берді.
Іс – шара аясында «Менің кәсібім-теміржолшы», «Әуе қозғалысын басқару», «Мамандық -жолшы», «Көлік саласындағы оқыту бағдарламалары туралы» атты баяндамаларымен таныстырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, қызықты да мағыналы кездесу-сұхбат болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1072674?lang=kk