СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР

14.10.2025 12:03:39 414

         Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен қоғам сенімінің деңгейіне тікелей әсер ететін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта халықаралық тәжірибені зерделеу мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және ашықтықты арттыруға бағытталған озық тәжірибелерді енгізу ерекше маңызға ие.

       Осы мақсатта, 2025 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Астана қаласында ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен «Мемлекеттік кірістерді басқару саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында тренинг-семинар өткізіліп отыр. Іс-шараға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық аппараты мен өңірлік департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.

       Семинардың ашылуында:

     – Дощанова Салтанат Маратовна, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Персоналды басқару және ішкі әкімшілік департаментінің директоры;

     – Ерлен Бадыхан, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің экономика және экология мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі сөз сөйледі.

       Семинардың дәріскері – халықаралық сарапшы, құқық докторы, ISO 37001 және ISO 37301 стандарттары бойынша сертификатталған аудитор Раймундас Калесникас. Ол 22 жылдан астам уақыт бойы Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттарды әзірлеу және енгізу саласында жұмыс істеп келеді.

     Семинар бағдарламасы қатысушыларға кәсіби қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін практикалық білім мен құралдарды ұсынуға бағытталған.

      Бұл семинар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, жаңа шешімдерді іздеу және ынтымақтастықты нығайту үшін тиімді платформа болып табылады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1075155?lang=kk