«Үздік Абайтану кабинеті» облыстық байқауының қорытындысы
14.10.2025 14:10:47 65
2025 жылдың 29 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми - әдістемелік орталығы «Үздік Абайтану кабинеті» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – абайтану кабинеттерінің жай – күйін бақылау, «Абайтану» вариативті сағатының маңыздылығын арттыру, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесімен бөлісу, іс - тәжірибелерін тарату.
Байқауға жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ және орыс тілінде оқытатын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері мұғалімдері қатысты.
Байқауға Өскемен қаласы, Зайсан, Глубокое, Катонқарағай, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Үлкен Нарын, Шемонаиха аудандарынан барлығы 9 жұмыс қаралды. Байқауға жұмыстар ұсынбаған аудандар: Алтай, Марқакөл Күршім және Риддер қаласы.
Мұғалімдердің жұмыстарын комиссия мүшелері бағалады:
І дәрежелі диплом - Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М. Т Кабдиева;
ІІ дәрежелі диплом –Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ә. Әлібекова, А. Серік;
ІІ дәрежелі диплом – Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «К. Дамитов орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А С. Жарманаева;
ІІІ дәрежелі диплом Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 48 мектеп – қосымша білім беру орталығы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е. Е. Мамырбеков;
ІІІ дәрежелі диплом - Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. С. Мухамадиева;
ІІІ дәрежелі диплом - Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г. Б. Канапиянова иеленді.
Келесі номинациялар берілді:
«Цифрлы сауатты» - Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Таврия орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Ж. Дүйсенбекова;
«Креативті мұғалім» - Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейткамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р. С. Рақышев;
«Шығармашыл мұғалім» - Шемонаиха ауданы «Камышин жалпы білім беретін орта мектеп - балабақша» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. И. Иманбаева.
Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, номинация иелеріне грамоталар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1077331?lang=kk