ШҚО-да жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша көшпелі семинарлар жалғасуда

ШҚО-да жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша көшпелі семинарлар жалғасуда

14.10.2025 18:37:58 46

2025 жылғы 3 қазанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шемонаиха қаласы Әкімдігінің алаңында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Іс-шараға салық төлеушілер,бизнесөкілдері,консалтингтіккомпаниялар,мемлекеттікоргандардыңқызметкерлері, қоғамдықпікіркөшбасшылары,БАҚқатысты.

Семинар аясында Департамент өкілдері әділ салық салуды қамтамасыз етуге, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге, салықтық бақылауды цифрландыруға бағытталған ҚР Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі атап өтті.

* Жаңа Салық кодексінің жалпы ережелері;

* Жеке табыс салығына (ЖТС) қатысты өзгерістер: жаңа мөлшерлемелер мен шегерімдер;

* Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу ережелері;

* Корпоративтік табыс салығының (КТС) ерекшеліктері және аванстық төлемдерді төлеу тәртібі;

* Жер қойнауын пайдалануға салық салу;

* ҚҚС бойынша өзгерістер: ставкалар, есепке қою және ҚҚС асып кеткен соманы қайтару рәсімі;

* Арнайы салық режимдері бойынша өзгерістер және камералдық бақылау мәселелері;

*Берешектімәжбүрлепөндіріпалушаралары,сондай-ақ салықты кейінге қалдыружәнебөліптөлеумүмкіндігі.

АшықдиалогбарысындасеминарғақатысушыларжаңаСалықкодексіндегіөзгерістербойыншабарлықсұрақтарғажауапалды.

Кездесу қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар жаңа Салық кодексіндегі алдағы өзгерістер салық жүйесін неғұрлым ашық және әділ етуге, сондай-ақ бизнесті жүргізу үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанына келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1081164?lang=kk