Польша авиациялық билігінің басшылығымен кездесу өтті
15.10.2025 09:57:36 151
2025 жылғы 30 қыркүйек, Монреаль. ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым және ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Польша Республикасының делегациясы мен LOT әуекомпаниясының басшылығымен кездесу өткізді.
Кездесуде Қазақстан мен Польшаның авиация саласындағы ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен болашағы, соның ішінде екі ел арасындағы әуе қатынастарын кеңейту және жолаушылар үшін көліктік қолжетімділікті арттыру мәселелері талқыланды.
Атап өтілгендей, Қазақстан мен Польша арасындағы шарттық-құқықтық база өзара тиімді екіжақты серіктестікті одан әрі дамытуға берік негіз болып табылады. Астана мен Варшава арасындағы тікелей әуе рейстері екі ел арасындағы инвестициялық, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Польша тарапы Қазақстан аумағында әуе рейстерінің санын арттыру және жаңа бағыттарды ашу жоспарлары туралы хабарлады.
Тараптар азаматтық авиация саласындағы негізгі бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін атап өтті.
Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы ынтымақтастық рухында өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1085687?lang=kk