EASA және EUROCONTROL өкілдерімен кездесу

EASA және EUROCONTROL өкілдерімен кездесу

15.10.2025 09:57:38 115

2025 жылғы 22 және 25 қыркүйек, Монреаль. ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының делегациясы Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігі (EASA) және EUROCONTROL басшылығымен келіссөздері өтті.

Қазақстан делегациясынан Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясындағы делегация басшысы Салтанат Томпиева ханым және ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза қатысты.

EASA тарапынан кездесуге Стратегия, ұшу қауіпсіздігін басқару, орнықты даму және жаһандық ынтымақтастық жөніндегі директор Мария Невьес Руэда Гарсия ханым қатысты.

EUROCONTROL делегациясын Бас директор Рауль Медина мырза басқарды.

Кездесулер барысында Қазақстанның осы құрылымдармен ұшу қауіпсіздігі, әуе қозғалысын басқару, сондай-ақ қазақстандық мамандарды еуропалық оқу орындарында даярлау және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша ынтымақтастығы талқыланды.

Қазақстан EUROCONTROL-ға толыққанды мүше болуға және аэронавигация, маршруттау және алымдар алу салаларында еуропалық ортақ ережелерді қолдануға мүмкіндік беретін келісімге қол қою ниетін білдірді. Сонымен қатар, құжат нормативтік актілер мен техникалық стандарттарды өзара мойындауға, сондай-ақ ЕО-ның стратегиялық бастамаларына қатысуға жол ашады.

Кездесулер өзара түсіністік пен сындарлы ынтымақтастық рухында өтті.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1085678?lang=kk