Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Kaspi Bank қосымшасында коммуналдық қызметтер үшін түбіртектерде салықтар бойынша міндеттемелерді көрсетуге қатысты келесіні хабарлайды

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Kaspi Bank қосымшасында коммуналдық қызметтер үшін түбіртектерде салықтар бойынша міндеттемелерді көрсетуге қатысты келесіні хабарлайды

15.10.2025 10:09:09 143

Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мен KaspiBank арасында 2024жыл үшін 1 қазан төлем мерзімі бойынша жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеудің алдағы мерзімі туралы салық төлеушілерге хабарлама жіберу жайлы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Осы уағдаластық шеңберінде KaspiBank мобильді қосымшасында қалыптастырылатын коммуналдық қызметтер үшін түбіртектерде төлеуге жататын салық сомасы көрсетілді. Бұл қарыз емес, салық төлеушілердің 2025 жылдың 1 қазанына дейін төлеуге тиіс есептелген салық сомасы екенін атап өткен жөн.

 

Алайда, түбіртектерді банк белгіленген төлем мерзімі аяқталғаннан кейін қалыптастырды және салық төлеушілердің көпшілігінде түбіртектерді алған кезде бұл салық төленген болды. Осыған байланысты салық төлеушілердің бір бөлігі бұл соманы міндетті түрде төленетін ағымдағы қарыз ретінде қате қабылдады.

 

Құрметті павлодарлықтар! Егер сіз 2024 жыл үшін мүлік салығын төлеген болсаңыз, түбіртектегі бұл жолды төлеу кезінде ескерудің қажеті жоқ. Қате қайта төленген жағдайда cіздің белгіленген тәртіппен артық төлем сомасын қайтаруға немесе оны келешек салық міндеттемелері есебіне қолдануға  құқығыңыз бар.

 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1085920?lang=kk