Қызметтің жекелеген түрлері бойынша міндетті тіркеу

Қызметтің жекелеген түрлері бойынша міндетті тіркеу

15.10.2025 10:28:32 75

Қызметтің жекелеген түрлері бойынша міндетті тіркеу

 

Құрметті салық төлеушілер!

 

ҚазақстанРеспубликасыныңСалықкодексінесәйкесжекелегенқызметтүрлерінжүзеге асыратын тұлғалар салық төлеушіретіндеміндеттітіркелугежататынынескесаламыз.

 

Қандай жекелеген қызмет түрлері міндетті тіркеуге жатады?

- бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды өндіру;

- бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;

- этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiру;

- алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;

- темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізу;

- ойын бизнесi;

- Салық кодексінің 462-бабының бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіру, жинау (жинақтау);

- тауарлармен электрондық сауда.

 

Егер сіз осы қызмет түрлерінің бірін жүргізсеңіз, https://www.elicense.kz сайт арқылы хабарландыруды тіркеу және беру міндетті болып табылады.

 

 Тіркеу мерзімі 3 жұмыс күні ішінде:

- хабарлама берілген күннен бастап;

-немесе(лицензияланатынқызмет түрлері үшін)рұқсаттарменхабарламалартізіліміненмәліметтералғаннанкейін.

 

Хабарламаны қалай беруге болады?

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес хабарламаны келесі тәсілдермен беруге болады:

- elicense.kz арқылы электронды түрде;

- қағаз нысанда – объектінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына.

 

Жүйелердің жаңа интеграциясы

Қазіргіуақытта"ИСНА"ақпараттықжүйелерімен elicense.kz арасында автоматтандырылғандеректералмасужұмысістейді.Бұлтіркеудіжылдамдатадыжәнепроцестіжеңілдетеді.Жүйеніңдұрысжұмыс істеуі үшінмекен-жайдыңтіркеукоды(МТК)болуықажет.

Егер жылжымайтын мүлік объектісінде МТК болмаса, онда мекен-жайды тағайындау үшін сәулет және қала құрылысы бөліміне жүгіну немесе https://egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/passP2203_mpsсілтемебойынша"Электрондықүкімет"порталынаөтінім беру қажет.

 

Сонымен бірге, өтініш берушіге "Электрондық үкімет" порталында https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir сілтемесі бойынша жылжымайтын мүліктің мекен-жайын нақтылау (тағайындау/жою) туралы анықтама қол жетімді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1086252?lang=kk