Республика күніне Брюссельдегі “Manneken Pis" мүсініне шапан кигізді

Республика күніне Брюссельдегі “Manneken Pis" мүсініне шапан кигізді

26.10.2025 08:02:59 114

Брюссель, 2025 жылғы 25 қазан – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі мен Манекен Пис мүсінінің Қамқоршылар ордені бірлесіп, әйгілі Манекен Пис мүсініне Қазақстанның Республика күніне орай шапан кигізу салтанатты рәсімін өткізді.

Шара Брюссельдің тарихи орталығында өтіп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы достықтың, мәдени ынтымақтастықтың нышанына айналды. Іс-шараға бельгиялық серіктестер, қоғам қайраткерлері, мәдени ұйымдардың өкілдері және қазақстандық студенттер мен отандастар қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко: «Бүгінгі оқиға Қазақстан мен Бельгия арасындағы өзара құрмет пен мәдени диалогты дамытуға негізделген берік әріптестік байланыстарды көрсетеді. Біз қазақ халқының дәстүрлерін Еуропаның жүрегі – Еуропалық одақтың астанасы Брюссельде паш етуге қуаныштымыз».

Манекен Пис мүсініне арнайы тігілген ұлттық шапан кигізілді. Бұл шара Қазақстанның мәдениетаралық түсіністікті нығайтуға және ұлттық мұраны халықаралық деңгейде танытуға деген ұмтылысын айқын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1093490?lang=kk