Қазақстан мен Индонезия іскерлік әріптестікті кеңейтуде

Қазақстан мен Индонезия іскерлік әріптестікті кеңейтуде

27.10.2025 10:30:50 191
2025 жылғы 25 қазан, Джокьякарта қаласы - Индонезия өңірлерімен инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Ява аралының шығыс бөлігіндегі Джокьякарта қаласында 4-ші жыл сайынғы Индонезия кәсіпкерлер палатасының (KEIND) Ұлттық конференциясында сөз сөйледі. Дипломат еліміздегі қолайлы инвестициялық және іскерлік ахуалды таныстырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: цифрлық трансформация арқылы ағымдағы міндеттер мен шешімдер» атты қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауы аясында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттары мен жаңа тауашалары туралы атап өтті. Индонезияның іскер топтары энергетика және тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өңдеу, цифрландыру және жасанды интеллект, туризм және “Астана халықаралық қаржы орталығының” қызметі аясында ислам банкингі салаларының өзара тиімді кооперациясына шақырылды. Елші Қазақстан экономикасына кемінде 300 мың АҚШ долларын инвестициялаған жағдайда инвестор "алтын виза" және Қазақстанда 10 жыл тұруға рұқсат алатынын атап өтті. Индонезия азаматтары үшін Қазақстанда 30 күнге дейін визасыз режим туралы айтылып, Қазақстанның бай туристік әлеуеті туралы бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара соңында Индонезиялық кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, Қазақстанда өз бизнесін дамытуға және кеңейтуге іс жүзінде қызығушылық білдірді. 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1093667?lang=kk