Ұландықтар үлгі көрсетуде: күш құрылымдар арасында алғаш болып "Ұлттық диктант" жобасына қатысты
27.10.2025 13:41:39 96
Республика күні қарсаңында Астанада Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің базасында қазақтың ұлы ағартушысы және жазушысы Ахмет Байтұрсыновтың "Оқу жайы" тақырыбында ашық республикалық диктант өтті.
Диктантқа жүзге жуық әскери қызметші қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты —мемлекеттік тілді насихаттау, жазбаша сауаттылықты дамыту және ұландықтардың тіл білуге деген қызығушылығын арттыру.
— Диктант өткізудің арқасында біз мемлекеттік тілді білу әрбір әскери қызметшінің кәсіби және мәдени даярлығының ажырамас бөлігі болып табылатынына тағы да көз жеткіздік. Мұндай іс-шаралар тілге деген қызығушылықты нығайтуға және жеке құрамның сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді, - дейді бөлімнің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға көмекшісі майор Әсемгүл Мұхамедрахимова.
Диктант басталар алдында әскери қызметшілерге белгілі қоғам қайраткерлері мен тіл саласындағы сарапшылар сөз сөйлелі. Дәлірек ац сақ, ұландықтарға "Тіл —қазына" ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай және Халықаралық Қазақ тілі қоғамының атқарушы директоры Сайлаухан Абылай үндеу білдірді. Олар Тәуелсіздік пен халық бірлігінің маңызды символы ретінде — қазақ тілін сақтау мен дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Диктант арнайы жабдықталған оқу сыныптарында өткізілді. Қатысушылар патриоттық мәтінді ауызша тыңдағаннан кейін жазды.
Айта кету керек, қатысушыларға электронды алғыс хаттар және kitap қосымшасына тегін жазылым беріледі.
Әскери қызметшілердің "Ұлттық диктант" республикалық жобасына қатысуы — білім сынағы ғана емес, сонымен қатар Отан қорғаушылар арасында тіл мәдениетін дамытуға маңызды үлес болды.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1093685?lang=kk