Шал ақын ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
28.10.2025 15:31:01 184
Шал ақын ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.
Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.
Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы:
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдіктерді сақтау;
- Оңайлатылған режим үшін қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді ме;
- ЕАЭО-ға тауарлар импорты бойынша қызмет үшін салық салу өзгерді ме;
- салық төлеушінің ескі кабинетін қанша уақыт фнкциялау керек;
- 2026 жылғы ЖШС құрылтайшылары үшін ЖТС есептеу тәртібі.
- арнаулы салық режимдерін қолдану шарттары;
Спикерлер: СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Мейрамов С.Ж., аудит басқармасы басшысы Кұрмашев Е.Ж., түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқарма басшысы Некрасова Н.В., өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы Қоспаев С.А., қосылған құн салығы әкімшілендіру бөлім басшысы Белоусов А.О.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1094253?lang=kk