Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXXIII сессиясы өтті

Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXXIII сессиясы өтті

28.10.2025 17:13:01 147

 

2025 жылғы 24 қазанда Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXXIII сессиясы өтті.
 Сессия жұмысына 10 депутат, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі, қала, кент және ауылдық округтердің әкімдері, басқармалар мен дербес бөлімдердің басшылары, Алтай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мен Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді қарастырды:

  1. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/2-VIII «2025–2027 жылдарға арналған Алтай ауданының бюджеті туралы» Алтай ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
     Баяндамашы: Хамитов Рафаэль Шариполлинович – «Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  2. Алтай ауданы әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп.
     Баяндамашы: Курмамбаев Ренат Тлеуханович – Алтай ауданының әкімі.
  3. Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен тұрғын үй қорының 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы.
     Баяндамашы: Жуанғанов Қуат Айдынұлы – «Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  4. Алтай ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің аттестация нәтижелері туралы.
     Баяндамашы: Канафина Бақытгүл Қалибекқызы – «Алтай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  5. 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII «Алтай ауданында тұрғын үй көмегінің мөлшерін және оны көрсету тәртібін айқындау туралы» Алтай ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
     Баяндамашы: Шидыч Татьяна Юрьевна – «Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  6. 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/4–VIII «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Отырыс барысында депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, әрбір мәселе бойынша ұсыныстар мен сындарлы ескертпелер енгізді.

Қабылданған шешімдер ауданның одан әрі дамуына, коммуналдық меншікті басқару жүйесін жетілдіруге және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Барлық шешімдер талқылаудан кейін бірауыздан қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1094465?lang=kk