Қазақстан-Пәкістан бірлескен «Достарым-V» әскери оқу-жаттығулары

Қазақстан-Пәкістан бірлескен «Достарым-V» әскери оқу-жаттығулары

28.10.2025 17:13:12 161

Исламабад, 2025 жылғы 26 қазан – Черат қаласында «Достарым-V» Пәкістан-Қазақстан терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуның жабылу салтанаты өтті. Маневрлер 2025 жылдың 14 қазанынан бастап өтті. Оларға Пәкістан армиясының арнайы қызметтер тобының және Қазақстандық арнайы жасақтардың командалары қатысты.

Жабылу салтанатына Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Кыстафин, ҚР ҚМ әскери атташесі және ПИР Қарулы күштерінің арнайы операциялар мектебінің қолбасшысы қатысты.

Оқу жаттығудың мақсаты арнайы міндеттерді бірлесіп пысықтау арқылы терроризмге қарсы күрес әдістері мен тәсілдерін жетілдіру, сондай-ақ елдер арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту болды. Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1094447?lang=kk