Өскемен қалалық мәслихатында кезектен тыс 38-ші сессия өтті, оның барысында қала бюджетін нақтылауға, кәсіпкерлікті қолдауға және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарды әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелер қаралды, сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.
28.10.2025 18:12:20 127
Облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес қалаға облыстық бюджеттен трансферттер ұлғайтылды. Қосымша қаражат автобус тасымалын субсидиялауға, сондай-ақ Комсомольский кентінде (Лесхоз кенті) сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жобасын аяқтауға бағытталды.
Бұдан басқа, қайта бөлу есебінен қалалық бюджетті нақтылау, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу және қалалық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту шеңберінде мынадай іс-шараларды іске асыруға арналған шығыстар көзделген:
- мүгедектерді гигиеналық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету;
- ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарға әлеуметтік көмек көрсету;
- қаланы абаттандыру және қысқы кезеңде саябақтарды күтіп ұстау.
Аталған шараларды іске асыру қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға және қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1094542?lang=kk