Мединадағы қазақстандықтар өз елін лайықты танытып келеді
29.10.2025 08:02:21 84
Медина, 2025 жылғы 27 қазан – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Медина қаласында қазақстандық бизнес өкілдері және студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуге қазақстандық инжиниринг компаниясы «Sueco», Мединадағы алғашқы қазақстандық мейрамхана «Yurt», «Jump in Goat» кофеханасының өкілдері, сондай-ақ белсенділер мен блогерлер қатысты.
Бейресми форматта өткен кездесуде Бас консул қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.
Жиын барысында қазақстандық диаспораның мәдени өміріне қатысты пікір алмасу өтіп, түрлі іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар мен бастамалар айтылды.
Сонымен қатар, Медина Ислам университетінде білім алып жүрген студенттермен деструктивті идеологиялар мен ағымдардың алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Іс-шараның қорытындысы ретінде Медина қаласында ашылған алғашқы қазақстандық ұлттық тағамдар мейрамханасы «Yurt»-тың ресми ашылуына орай салтанатты түрде қызыл лента қиылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1094661?lang=kk