Өңірлік ынтымақтастық кеңеюде

Өңірлік ынтымақтастық кеңеюде

29.10.2025 08:02:23 104

Бразилиа, 2025 жылғы 28 қазан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов «Amazon Visto» компаниясының атқарушы директоры Жозе Кардозо Нето мырзамен кездесті.

Тараптар, сауда және инвестиция салаларындағы Қазақстанның Амазония штаты­мен өңірлік ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі бірлескен жоспарларын, сондай-ақ Манаус қаласында ҚР Құрметті консулдығын ашу мәселесін талқылады. Сұхбаттасушы Елшіге штат губернаторы мен оның қаласы әкімінің ресми шақыруын табыстап, климаттың өзгеруі жөніндегі COP30 конференциясы аясында Амазонияға сапармен келуге шақырды.

Бразилия тарапы Елшіні штатта іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық және экономикалық жобалармен таныстырып, оны қараша айында Амазония штатының астанасы Манаус қаласына жұмыс сапарымен келуге, халықаралық еркін экономикалық аймақты аралауға, іскер топтар және штат басшылығымен ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында кездесулер өткізуге шақырды.

Бразилияның федеративтік құрылымын ескере отырып, өңірлік ынтымақтастық екіжақты қатынастарды нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан мен Бразилия өңірлері арасындағы серіктестік байланыстар Қарағанды облысы мен Баия штаты (2021 ж.), Алматы облысы мен Риу-Гранди-ду-Сул штаты (2024 ж.), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Санта-Катарина штаты (2025 ж.) арасында орнаған.

Анықтама үшін: Амазония – Бразилиядағы аумағы бойынша ең үлкен штат, ол ел аумағының 18%-дан астамын қамтитын, Амазонка өзенінің ең аз игерілген бассейн бөлігінде орналасқан. Штаттың астанасы – Манаус қаласы еркін экономикалық аймақ мәртебесіне ие және мұнда штат өнеркәсіп өндірісінің шамамен 98%-ы шоғырланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1094660?lang=kk