Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салу ұзартылды
31.10.2025 18:01:20 167
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ел аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салудың қолданысын ұзартты.
Тиісті бұйрыққа 2025 жылдың 23 қазанында қол қойылды және 2025 жылдың 30 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді. Құжатқа сәйкес, тыйым 6 ай мерзімге белгіленген және көліктің барлық түрлеріне қолданылады.
Шектеу астында:
- құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар, химиялық түрі бойынша сұрыпталған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ, сұрыпталмаған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ өзге де қорғасын аккумуляторлары пайдаланылған мыс, алюминий, қорғасын қалдықтары мен сынықтары, қорғасын аккумуляторларының қалдықтары мен сынықтары;
- қара металдардың қалдықтары мен сынықтары, балқытуға арналған қара металдардың құймалары (шихта құймалары), пайдаланылған құбырлар, рельстер, теміржол төсемінің элементтері және жылжымалы құрам.
Жаңа шешім ішкі нарықты металлургия өнеркәсібі үшін шикізатпен қамтамасыз етуге және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға бағытталған.
ҚаражәнетүстіметалдардыңсынықтарыменқалдықтарынәкетугетыйымсалуҚазақстанда 2025жылғы29сәуірденбастапқолданылады.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1097138?lang=kk