Қазақстан мен Пәкістан бокс федерациялары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
31.10.2025 19:31:48 163
Исламабад, 2025 ж. 31 қазан – Қазақстан бокс федерациясының президенті Ш.Мүтәліп пен Пәкістан бокс федерациясының президенті Подполковник (зейнеттегі) Мұхаммед Насыр Иджаз Тунг арасында онлайн-келіссөздер өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің бокс федерацияларының президенттері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар, тараптар екі федерация арасындағы өзара іс-қимылды дамыту үшін нақты іс-шараларды айқындай отырып, 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Айта кетерлік жайт, Қазақстан боксшылары 2025 ж. 22-31 қазан аралығында Бахрейнде өткен жасөспірімдер Азия ойындарында сәтті өнер көрсетіп, жалпы медальдық есепте бірінші орынды иеленді.
Сондай-ақ, 2025 ж. қыркүйекте Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары жеті алтын медалін жеңіп алып, бірінші орынға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1097250?lang=kk