Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

01.11.2025 12:08:16 120

Бүгін Шымкент қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.
Шараға Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов, аудан әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қырық екі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар, коммуналдық кәсіпорын мамандары қатысты. Шараға қала жастарының қолдауымен волонтерлік ұйымдар да қатысты.

Келушілер жетекші мамандардан тегін заңгерлік кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар ала алды.

«Халық заңгері» жобасы азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен құқықтық қолдау көрсетудің сұранысқа ие және тиімді алаңына айналды. 2016 жылдан бастап бұл бастама республика бойынша азаматтарға білікті заңгерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің тегін кеңестерін беруде.

Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов өз сөзінде:
«Ежелгі грек философы Платон айтқандай: «Күшті мемлекет қорғалған азаматтардан басталады!». Сондықтан бүгін осында, барлығына тегін әрі қолжетімді заң көмегін көрсету үшін барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері жиналды», - деді қала прокуроры.
Акция барысында 1000-нан астам шымкенттік отбасы, еңбек, жер, азаматтық, әкімшілік құқық мәселелері бойынша тегін кеңес алды.

Сонымен қатар, азаматтарға өз құқықтарын қорғау жолдары, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі, тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері айтылды.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әділдік пен заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыра отырып, «Халық заңгері» республикалық акциясы өз жұмысын жалғастырады.