Италия астанасында Абай Құнанбайұлының есімі ұлықталды
01.11.2025 18:01:00 167
2025 жылғы 30 қазанда Рим қаласында, Вилла Грациоли саябағында ұлы қазақ ойшылы, ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев, Рим мэриясының өкілдері, италиялық шығармашылық қауым өкілдері және Италияда білім алып жүрген отандастарымыз қатысты.
Жиылғандарға сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Абай шығармашылығы қазақ халқының рухани-адамгершілік және отансүйгіштік дамуының негізіне айналғанын атап өтті. Абай Құнанбайұлы адамзатты ізгілікке, әділдікке, білімге, еңбекке және Отанға деген сүйіспеншілікке шақырды.
Италия астанасында Абай бюстінің ашылуы, ұлы ойшылдың туғанына 180 жыл толған жылы, Қазақстан мен Италия арасындағы достық қатынастардың нығаюының маңызды белгісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1097374?lang=kk