Жаһандық бейбітшілікті және ядролық қаруды таратпау жөніндегі күш-жігерді нығайту

Жаһандық бейбітшілікті және ядролық қаруды таратпау жөніндегі күш-жігерді нығайту

03.11.2025 09:30:39 75

2025 жылғы 28-29 қазанда Елші Қанат Тумыш Вьетнамның Ханой қаласында өткен Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы мемлекеттер үшін Өңірлік консультацияларға Қазақстанның өкілі ретінде қатысты.

Консультациялар өңірлік өкілдерге пікір алмасу, прогресті шолу және шарт бойынша міндеттемелерді растау үшін платформа ұсына отырып, ЯҚТШ-ның іс-әрекетін қарау жөніндегі 2026 жылғы конференцияға дайындық процесінің шеңберінде ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Елші Қанат Тумыш ядролық қарусыздануға, ядролық энергияны таратпауға және бейбіт мақсатта пайдалануға қатысты елдің дәйекті ұстанымын атап өтіп, Қазақстанның ЯҚТШ-ға көзқарасын ұсынды. Ол Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан және ядролық қатерлерден азат әлемді жақтауды жалғастырып келе жатқан ел ретіндегі бірегей тарихи тәжірибесін атап өтті.

Қазақстанның қатысуы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық серіктестіктер шеңберінде қарусыздану жөніндегі жаһандық бейбітшілікке, қауіпсіздік пен диалогқа жәрдемдесудегі елдің белсенді қатысуы мен сындарлы рөлін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1097463?lang=kk