Испания Парламентінің cенаторлары Қазақстанмен құқықтық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді
03.11.2025 17:30:48 120
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның VI Конгресіне қатысу аясында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Испания Корольдігі Сенатының бірінші вице-төрағасы Хавьер Игнасио Марото Арансабалмен және бірқатар сенаторлармен кездесті.
Кездесулер барысында тараптар заңның үстемдігін нығайту, адам құқықтарын қорғау және өз елдеріндегі демократиялық институттарды дамыту мәселелерін талқылады. Эльвира Азимова Қазақстандағы құқықтық реформалар жөнінде айтып, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл жариялаған екі палаталы парламенттен бір палаталы парламентке көшу ұсынысы туралы айтты.
Сонымен қатар қатысушыларға Қазақстанның киберқылмысқа қарсы БҰҰ Конвенциясына қол қойғаны және 2025 жылғы маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер комитетінің Қазақстанның Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенциясына қосылу туралы өтінімін мақұлдағаны туралы хабарланды. Сенаторлар Қазақстанның құқықтық саясатын зерделеуге және испан тәжірибесімен бөлісуге дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1098144?lang=kk