Алматы облысында құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым жобалары қарқынды жүзеге асуда

Алматы облысында құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым жобалары қарқынды жүзеге асуда

04.11.2025 10:00:55 167

Алматы облысында құрылыс пен әлеуметтік инфрақұрылым саласында ауқымды жобалар іске асырылуда. 2025 жылға жалпы құны 172,6 млрд теңге болатын 147 нысанның құрылысы жоспарланған.

Биыл 87 медициналық нысанның құрылысына 20,3 млрд теңге бөлінді, оның 8,2 млрд теңгесі игерілді. Маусым айында Райымбек ауданының Көмірші ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. 2025 жылы 18 денсаулық сақтау нысаны (5 дәрігерлік амбулатория, 7 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт) іске қосылды. Атап айтқанда, Жамбыл, Балқаш, Іле, Кеген және Ұйғыр аудандарында бірқатар нысандардың құрылысы толық аяқталды.

Жыл соңына дейін Қарасай, Жамбыл және Райымбек аудандарында тағы 6 медициналық нысан, сондай-ақ ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыртудың 20 жобасы мен 38 МСЗ нысанының құрылысы жоспарланып отыр.

Білім саласында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2025 жылы 12 мектептің күрделі жөндеуіне 8,2 млрд теңге бөлінді. Жалпы жобалардың құны 14,6 млрд теңгені құрайды. Жыл соңына дейін Балқаш ауданындағы Қарағаш ауылы мен Еңбекшіқазақ ауданындағы Қазтай Ұлтарақов атындағы ауылдағы мектептер пайдалануға берілмек. Қалған нысандар бойынша жұмыстар 2026 жылдың наурызында аяқталады.

Бүгінде өңірде 187 инфрақұрылымдық іс-шара жүзеге асырылуда. Оның 25 жобасы бойынша сараптама қорытындысы алынған, ал 19 жобаға тиісті министрліктерге қаржы бөлу жөнінде бюджет өтінімдері жолданған.

Аталған бастамалар облыстың әлеуметтік инфрақұрылымының сапасын арттырып, тұрғындарға қолайлы өмір сүру, оқу және медициналық қызмет алу жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1098348?lang=kk