Түпқараған аудандық ХҚКО бөлімінде электрондық кезекті алдын ала брондау қызметі енгізілуде

Түпқараған аудандық ХҚКО бөлімінде электрондық кезекті алдын ала брондау қызметі енгізілуде

04.11.2025 12:10:42 159

2025 жылдың 5 қарашасынан бастап Маңғыстау облысы бойынша Түпқараған аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде бірыңғай электрондық кезекке алдын ала бродау қызметі енгізілуде.

Бұл пилоттық жоба өңірде алғаш рет аудандық деңгейде жүзеге асырылуда. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек облыс орталықтарында ғана қолжетімді болған еді.

Жаңа сервисті енгізудің басты мақсаты – азаматтарға қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік қызметтердің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету және қабылдау процесін оңтайландыру. Жобаны іске асыру келушілер ағынын біркелкі бөлуге және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Алдын ала брондау қызметі келесі тәсілдер арқылы қолжетімді:

▪️ «ЦОН» мобильдік қосымшасы арқылы;
▪️ Электрондық үкімет порталы арқылы.

Кезекті брондау үшін таңдалған сервиске тіркеліп, бөлімшені, өзіңізге ыңғайлы күн мен уақытты көрсету жеткілікті. Брондау растамасы 1414 қысқа нөмірінен SMS-хабарлама түрінде жіберіледі.

Айта кетейік, дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында электрондық кезек талондары алдын ала брондаусыз беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1098809?lang=kk