Азаматтарды жеке қабылдау өткізілді
04.11.2025 13:40:28 125
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2025 жылдың 4 қарашасында Қостанай облысы Әділет Департаментінің басшысы Алия Аманжулова облыс әкімдігінде жеке азаматтарды қабылдау өткізді.
Өтініш білдірген азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.
Жеке қабылдаулар «халықтың уәжіне құлақ асу» мемлекет тұжырымдамасы шеңберінде тұрғындармен кері байланысты едәуір күшейтуге және азаматтардың сұраныстарына уақытылы жауап беруге мүмкіндік береді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1098573?lang=kk