⚖️ Заң және тәртіп – іс жүзінде!

⚖️ Заң және тәртіп – іс жүзінде!

06.11.2025 18:10:52 95
Департаментте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу қағидаларын, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағидалардың негізгі ережелерін түсіндіруге арналған семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет Департаментінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау және бақылау бөлімінің бастығы Эдельханова Алена Евгеньевна мен сол бөлімнің прокуроры Қуанышбаев Асылжан Жунисбекович қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға заңнаманың ашықтықты, айқындықты және құқықтық нормаларды бірізді қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған негізгі қағидаттары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Мұндай кездесулер заңдылықты нығайтуға және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді. ⚖️

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1100481?lang=kk