Қоғамдық-саяси ахуал бойынша жиын өтті

Қоғамдық-саяси ахуал бойынша жиын өтті

07.11.2025 09:30:29 158

Аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлының төрағалығымен аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси ахуал бойынша жиын өтті.

Кездесуде аудан аумағындағы қоғамдық тұрақтылықты сақтау, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ өзекті мәселелерді дер кезінде шешу бағыттары жан-жақты талқыланды.

Жиын барысында кент және ауылдық округ әкімдеріне, сондай-ақ дербес бөлім басшыларына облыс әкімдігімен бекітілген алгоритмге сәйкес жұмыс жүргізу қажеттігі ескертіліп, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Жиын қорытындысымен аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы сала бойынша атқарылатын жұмыстардың сапасы мен уақытылы орындалуына ерекше назар аударуды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1100663?lang=kk