Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Үлкен Нарын халқымен кездесті

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Үлкен Нарын халқымен кездесті

07.11.2025 11:40:31 104

 ҚР Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Үлкен Нарын тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді.

Мәлік Отарбаев цифрландыру мен инновацияларды енгізу – экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын арттырудың басты тетігі екенін атап өтті.

Кездесуде ауданның даму көрсеткіштері, жаңа жобалар мен «Жер аманаты» бастамасының нәтижелері сөз болды.
Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, жастарды жұмыспен қамту, инфрақұрылымды жаңарту, цифрлық сервистерді дамыту бағытында пікір алмасты.

«Жасанды интеллект дәуіріне бейімделу – уақыт талабы. Бірлесе әрекет етсек, Үлкен Нарын заманауи даму үлгісіне айналады», – деді Мәлік Отарбаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1100841?lang=kk