Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді
07.11.2025 11:50:26 77
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен Ақ үйде кездесті.
Көшбасшылар Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті тереңдету перспективаларын талқылап, сапар аясында қол қойылған 17 миллиард АҚШ долларынан асатын коммерциялық келісімдерді құптады.
Президент Тоқаев сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен өркендеуді ілгерілетуге бағытталған «Trump Route for International Peace and Prosperity (TRIPP)» бастамасына қолдау білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1100852?lang=kk