Қателіктің бағасы — әкімшілік айыппұл: департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғады
07.11.2025 12:00:19 139
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етіп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат А.алтыннан жасалған зергерлік бұйымды интернет-дүкен арқылы сатып алу кезінде құқықтарының бұзылғаны жөнінде өтінішпен жүгінген. Тауарды алғаннан кейін тұтынушы бұйымнан ақау анықтап, оны ауыстыруды немесе ақшасын қайтаруды талап еткен. Алайда сатушы заңды талапты орындаудан бас тартқан.
Тұтынушы Департаментке жазбаша өтініш жолдап, оған фото және бейнематериалдарды, бақылау-касса машинасының чегін және талап хаттың көшірмесін қоса тіркеген. Аталған өтініш негізінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында сатушының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды және шағымды қарау мерзімдерін бұзғаны анықталды. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 190-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Тексеру қорытындысы бойынша сатушы өз кінәсін мойындап, тұтынушыға 95 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты толық көлемде қайтарды.
Осындай ұқсас жағдай Шымкент қаласындағы ірі сауда желісінің бір филиалында да тіркелген. Сатып алушы витринада көрсетілген баға мен кассалық чекте көрсетілген сома арасында айырмашылық бар екенін анықтаған — 1990 теңге орнына 2990 теңге. Азаматтың өтініші негізінде Департамент тексеру жүргізіп, оның нәтижесінде кәсіпкерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамажасалды.
Мұндай мысалдар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекет тарапынан жүйелі бақылау мен нақты қолдау көрсетіліп отырғанының айқын дәлелі болып табылады. Азаматтар өз құқықтарының бұзылған жағдайында тиімді қолдау мен объективті қарауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз мүдделерінің қорғалуына сене алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1100863?lang=kk