Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен BETA Technologies компаниясы Көлік саласындағы озық технологиялар жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен BETA Technologies компаниясы Көлік саласындағы озық технологиялар жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

07.11.2025 16:41:03 53

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен америкалық BETA Technologies компаниясы ақпараттық технологиялар және электрлік авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Келісім пилоттық жобаларды іске асыру және электрлік ұшақтар, озық технологиялар мен интеллектуалды көлік жүйелері саласындағы инновациялық шешімдерді ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты көздейді.

«Қазақстан жаңа технологиялық бағыттарды жүйелі түрде дамытып, инновацияларды енгізуге қолайлы орта қалыптастыруда. BETA Technologies компаниясымен ынтымақтастық өңірдегі көшбасшылығымызды нығайтып, «ақылды» және экологиялық таза көлік шешімдерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдеміз», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Меморандумға қол қою рәсімі Вашингтонда, C5+1 бизнес-конференциясының аясында өтті. Іс-шара Орталық Азия елдері - АҚШ арасындағы технология және орнықты даму саласындағы серіктестік мәселелерін талқылауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1101130?lang=kk