Абайлаңыздар! Алкоголь лицензиясына қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті
07.11.2025 17:00:31 40
Құрметті салық төлеушілер!
Соңғы кездері алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға лицензияларды қайта ресімдеуге/алуға/тоқтатуға байланысты алаяқтық схемаларына тап болған азаматтар мен кәсіпкерлердің жүгінуі жиеленді.
Лицензияны қайта ресімдеу, беру және тоқтатудың барлық рәсімдері тек www.egov.kz – elicense.kz мемлекеттік портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері салық төлеушілерге телефон соғып, код немесе басқа персоналдық мәліметтерді сұрамайды.
Сақ болыңыздар және бейтаныс адамдарға құпия ақпаратты бермеңіздер!
Сұрақтар туындаған жағдайда Павлодар облысы бойынша МКД-ның акциздерді әкімшілендіру бөліміне 8 (7182) 32-58-82 телефоны бойынша хабарласуыңызға болады.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1101193?lang=kk