«Тауарларға декларация» модулін тестілеу туралы
07.11.2025 17:00:38 53
Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 75 «Тауарларға декларация мен тауарларға декларацияны түзетудің құрылымы мен форматы туралы және Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімін іске асыру мақсатында «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінде тауарларға декларацияның жаңа форматы енгізілді.
Аталған өзгерістер кедендік рәсімдерді автоматтандыруды және оңайлатуды, сондай-ақ қағаз құжаттарды цифрлық форматқа көшіруді көздейді. Атап айтқанда, декларантқа жолданатын барлық сұрау түрлері, ДТ-ға өзгерістер енгізу туралы Талап/Шешім нысаны, КДТ нысаны және басқа да процестер автоматтандырылды.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 3 қарашадан бастап «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінің «Тауарларға декларация» модулін барлық кедендік рәсімдер бойынша тестілеу басталады. Тестілеу онлайн және офлайн форматтарда жүргізіледі. Қатысуға ниет білдірген барлық тұлғалар тестілеуге қатыса алады.
Өтінімдерді беру тәртібі және тестілеу кестесі «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінің тесттік порталында жарияланған – https://test-keden.kgd.gov.kz. Сондай-ақ порталдан тестілеу тәртібі жөніндегі ақпаратты, бейнесабақтарды, пайдаланушы нұсқаулығын, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды, байланыс деректерін және «Тауарларға декларация» модулі бойынша ұсыныстар мен ескертулерді жолдау мүмкіндігін табуға болады.
«Тауарларға декларация» модулін іске қосудың жобалық мерзімі 2026 жылғы қаңтардың екінші онкүндігіне жоспарланған. Сонымен қатар модуль іске қосу нәтижелері ұсынылған ұсыныстар мен ескертулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тестілеуге белсенді қатысуға шақырады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1101190?lang=kk