Меккенің сәулеттік нышаны – «Сағат ғимараты мұражайы» – қазақстандық қажылардың қызығушылығын арттыруда

Меккенің сәулеттік нышаны – «Сағат ғимараты мұражайы» – қазақстандық қажылардың қызығушылығын арттыруда

08.11.2025 08:01:04 41

Мекке, 2025 жылғы 6 қараша — Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Мекке қаласындағы сәулет пен инженерлік ойдың бірегей жетістігі болып табылатын, Сағат ғимаратының ішінде орналасқан «Сағат мұнарасы мұражайына» зиярат етіп, оның басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат пен мұражайдың Бас директоры Наиф әл-Малики туризм, ғылым және мәдениет салаларында бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асырудың ықтимал бағыттары мен тетіктерін талқылады.

Алғашқы қадам ретінде тараптар Қазақстан азаматтары үшін мұражайға кіруге арнайы жеңілдіктер қарастыру туралы келісімге қол жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстаннан келетін ресми делегациялар үшін ерекше шарттар енгізілмек және мұражайдың портативті аудиогид жүйесіне қазақ тілін қосу бойынша жұмыс басталатын болады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыс орнатып, қол жеткізілген уағдаластықтарды ресми түрде бекіту мақсатында тиісті құжаттарды дайындауға келісті.

Меккедегі Сағат ғимараты мұражайы (The Clock Tower Museum in Makkah) — қасиетті әл-Харам мешітіне қарама-қарсы орналасқан Абраж әл-Байт мұнаралары кешенінің жоғарғы қабаттарында орналасқан. Мұражай Король Әбделазиз атындағы Ғылыми және астрономиялық зерттеулер институтының қамқорлығымен құрылған және уақыт, астрономия мен ислам күнтізбесі тақырыптарына арналған. Сағат мұнарасы бірнеше ерекше сипаттарына байланысты Гиннестің рекордтар кітабына енген:

  1. Әлемдегі ең үлкен сағат циферблаты – төрт жақтағы әр циферблаттың диаметрі мен биіктігі шамамен 43 метр.
  2. Жер шарындағы ең биік мұнаралардың бірі – шамамен 601 метр биіктіктегі бұл ғимарат әлемдегі үшінші ең биік құрылыс болып саналады (Дубайдағы Бурдж-Халифа мен Жапониядағы Tokyo Skytree мұнарасынан кейін, шпиль биіктігі бойынша).
  3. Әлемдегі ең биік ай таңбасы – мұнараның шыңында орнатылған алтын айдың биіктігі шамамен 23 метр, салмағы 35 тоннадан асады және ол 30 шақырым қашықтықтан көрінетін лазерлі прожекторлармен жарықтандырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1101414?lang=kk