Ө. Мұзапаровты еске алуға арналған 2008–2010 ж.т. жасөспірімдер арасындағы республикалық еркін күрес турнирінің қорытындылары
10.11.2025 10:41:18 139
Ө. Мұзапаровты еске алуға арналған 2008–2010 ж.т. жасөспірімдер арасындағы республикалық еркін күрес турнирінің қорытындылары ✨
4–6 қараша күндері Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов ауылында елдің түкпір-түкпірінен келген жас балуандардың басын қосқан ауқымды жарыс өтті. Турнирге Абай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары және Алматы, Балхаш, Өскемен, Риддер қалаларынан, сондай-ақ Алтай, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Глубокое, Марқакөл, Шемонаиха және Ұлан аудандарынан келген 158 спортшы қатысты.
Балуандар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көптеген салмақ дәрежелерінде жүлделі орындарға ие болды. 🥇🥈🥉
Әрбір нәтиже — табандылықтың, еңбектің және жаттықтырушылардың қолдауының жемісі.
Ө. Мұзапаровты еске алуға арналған бұл турнир жас спортшыларға үлкен тәжірибе беріп, көрермендерге әсерлі сәттер сыйлады.
💪 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестер мен жаңа жеңістерге жол ашылсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/1101717?lang=kk