Орталық кітапханада күйші-композиторы Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Күй өнерінің лиригі» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды

Орталық кітапханада күйші-композиторы Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Күй өнерінің лиригі» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды

10.11.2025 12:11:04 112

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада қазақтың аса көрнекті күйші-композиторы Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Күй өнерінің лиригі» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – халқымыздың күй өнерін насихаттау, ұлы күйшінің өмірі мен шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, ұлттық мәдениетке деген қызығушылық пен құрмет сезімін арттыру болды.

Іс-шара барысында оқырмандарға Дәулеткерей Шығайұлының өмір жолы мен өнері жайлы кең көлемді ақпарат беріліп, оның таңдаулы күйлерінен үзінділер тыңдалды. Сонымен қатар «Дәулеткерей мұрасы – мәңгілік күй әуені» атты танымдық бейнеролик көрсетіліп, «Күймен өрілген ғұмыр» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынылды.

№30 орта мектептің оқушылары Болысбек Іңкәр мен Болысбек Сезім күйшінің «Жекпе-жек» күйін орындаса, Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының оқушысы Әжібай Расул «Алаш аманаты» күйін тартты. Іс-шараға Талдықорған қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы мен Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектептің оқушылары белсене қатысып, күй өнерінің құндылығы мен ұлттық мәдениеттің маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.

Бұл танымды шара қатысушыларға рухани әсер сыйлап, қазақ күй өнерінің мәңгілік мұра екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1101861?lang=kk