Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы, Қызылтал ауылында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында жаңа мәдени-спорт кешені ашылды
11.11.2025 10:20:29 153
Жоба «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының әлеуметтік инвестициялары шеңберінде жүзеге асырылды. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.
— Бұл нысанның іске қосылуы - ауылдың мәдени өмірі мен спорттық белсенділігін жаңа деңгейге көтереді. Ең бастысы - балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтып, өмірге деген құлшынысын арттыруға мүмкіндік береді. Бөрлі ауданынан шыққан спортшыларымыз халықаралық, әлемдік деңгейде еліміздің мәртебесін асқақтатып келеді, - деді облыс әкімі.
Нысанның жалпы аумағы 830,49 шаршы метрді құрайды. Кешен ауыл тұрғындарының мәдени-спорттық әлеуетін арттыруға арналған заманауи талаптарға сай жабдықталды. Мұнда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға, мәдени іс-шаралар өткізуге және балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік жасайтын инфрақұрылым қалыптастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1102569?lang=kk