Қазақстан Елшісі «Olayan Financing Company» басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі «Olayan Financing Company» басшылығымен кездесті

11.11.2025 16:41:39 78

Рияд, 2025 жылғы 10 қараша – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Olayan Financing Company» Вице-президенті Андреас Каллиспен келіссөздер жүргізді.

Сұхбат барысында Сауд Арабиясының компанияларын Қазақстан нарығына тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

М.Меңілбеков Қазақстан Корольдіктің жетекші компанияларымен іскерлік байланыстарды дамытуға айрықша мән беретінін атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде, «Olayan Financing Company» басшылығы Қазақстанның жоғары инвестициялық әлеуетін атап өтіп, қазақстандық тараппен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы келісті.

«Olayan Financing Company» Сауд Арабиясы мен Таяу Шығыстағы «Olayan Group» бизнесі мен инвестицияларының бас компаниясы болып табылатын жеке трансұлттық кәсіпорын. 1947 жылы құрылған компанияның әртараптандырылған портфолиосына азық-түлік және сусындар өндірісі, энергетика және технология салаларындағы коммерциялық, өнеркәсіптік және инвестициялық операциялар кіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1102987?lang=kk